CaspianLife, 18 қаңтар — 16 қаңтар күні сағат 00:00 шамасында 1991 жылы туған ер адам Атырау қаласындағы азық-түлік супермаркеттерінің біріне басып кірген.
Ер адам сауда орнының терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп, сөрелердегі азық-түліктерді шашып кәсіпкерлік нысанға материалдық шығын келтірген.
Аталған азаматқа қатысты қылмыс іс қозғалып, әкімшілік қамаққа алынды.
Супермаркет ішінде құқықбұзушылық жасаған 30 жасар ер адамның наркологиялық есепте тұрғаны анықталды.