CaspianLife, 30 желтоқсан — Ақтауда жас қыз 15-шағын ауданындағы «Оазис» тұрғын үй кешенінің он бесінші қабатынан құлап, көз жұмды.
Марқұм пәтердегі терезеден құлап түскен.
Полиция департаменті кезекші пультіне шақыру 29 желтоқсанда сағат 17:58-де түскен.
Жас қыз 24 жаста еді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.