CaspianLife, 23 желтоқсан — Жыл басынан бері Атырау қаласының аумағында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен 50 оқиға орын алып, салдарынан 41 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған.
Соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары көлік жүргізушілерінің тарапынан жиі орын алып, жаяу жүргіншілер зардап шегуде, — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Ендеше неліктен заңмен белгіленген арнайы жаяу жүргіншілер жолағынан өту барысында соншама адам жол-көлік оқиғасына ұшырайды? Себебі жаяу жүргіншіге арналған жолақтан өтерде жаяу жүргінші көлік келе жатыр ма, баяу жүріп келе ме немесе таяп қалды ма – оған мән бере қоймайды. Ол өзінің аяқ ұшы жаяу жүргінші жолағына тиді ме, сол сәтте-ақ қандай көлік болса да, қайтіп, қалай келе жатса да бірден тоқтап, жол береді деп сенеді. Ал оның кенеттен қалт тоқтай алуы, алмауы ойландырмайды.
Мәселен, 22 желтоқсан күні сағат 12:30 шамасында Канцев көшесінде орналасқан №13 мектептің тұсындағы жаяу жүргіншілер өткелінен 10 жастағы жасөспірім қыз баланы Toyota Ipsum маркалы автокөлігінің 1984 ж.т., жүргізушісі қағып кеткен.
Одан басқа, 22 желтоқсан күні 08:00 шамасында Баймұханов көшесіндегі соңғы аялдамаға жетпей, 1977 жылы туылған азамат маркасы Ваз 21099 автокөлігін басқара отырып 10 жастағы жасөспірім баланы қағып кеткен. Соққы салдарынан жасөспірім жеңіл жарақат алған.