CaspianLife, 25 қараша – Қытай халық республикасының азаматы Атыраудан 3 миллион долларды өз еліне заңсыз жіберген.
Бұл фактті ҚР қаржы мониторингі Агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтады.
ҚХР тумасы Цуй Цуньде «Монтаж-01» ЖШС Атырау филиалы атынан Қытайдағы өзге компаниядан «біріктірілген газ химия кешенінің құрылысы бойынша техникалық кеңес алу үшін деп қыруар қаржы аударған. Шындығында мұндай қызметтің кажеті де болмапты. Тергеу нәтижесінде Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.