CaspianLife,18 қараша – Атыраулық полицейлер 15 қарашада басталған «Мал ұрысы» іс-шарасының 2 күнінде 60-қа жуық құқық бұзушылықты анықтады.
Мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды ескерту және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз сақтау мәніне мал жайылымы учаскелерін тексеру мақсатында 15-24 қараша аралығында республикалық «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер мен ет өнімдерін сататын базарларды тексеру үшін 10 топ құрылып, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 71 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 45 орын мен 103 шаруа қожалықтары тексерілді. Нәтижесінде малдар мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың 7 фактісі анықталып, 7 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабының 1 бөлігіне сәйкес: 6 фактісі бойынша — 10 АЕК, 1 фактісі бойынша — 20 АЕК әкімшілік айыппұл салынды.
Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюдың 39 фактісі анықталып, 39 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 1-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып ескерту жарияланды.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 1 қылмыстық топ (2 адам) пен 4 тұлға анықталып, ұсталды — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу арқылы 1 заңсыз сақталған атыс қаруы, 7 дана оқ-дәрілер анықталып, тәркіленді. Бұдан бөлек, тексерулер нәтижесімен азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау бөлігін бұзғаны үшін 12 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Айта кетейік, «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы 24 қарашаға дейін жалғасады.