CaspianLife, 29 қазан – Патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған келіншекпен 30 минутқа жуық сөйлесіп, райынан қайтаруға тырысқан. Әйел қолын жіберіп, құлай жаздағанда полиция капитаны қағып алып үлгерген.
46 жастағы келіншек мұндай қадамға отбасылық жағдайына байланысты барыпты. Қазіргі кезде оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көпқабатты үй тұрғындары полиция қызметкерлерінің ерлігін айтып, таңырқасты.
Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жұмысқа келеміз. Әр түрлі жағдайлар болып жатады. Іштей қорқыныш болды. Не боларын білмедік. Бірақ ойланып тұруға уақыт болмады. Қуанышқа орай, бәрі жақсы аяқталды. Адамдарға көмекке келі — біздің азаматтық борышымыз деп білемін,- деді патрульдік полицияның батальон взводының командирі Болат Ибрагим.