CaspianLife, 10 қыркүйек — Президент Жарлығымен Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұрынғы вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің орнына келді.
Серікқали Брекешев 1972 жылы Павлодарда туған. 1995 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы «Қазақстан-Ресей сауда үйі» бас директорының орынбасары, экономист болып бастаған. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, Мұнай және газ министрлігінде, BNG Ltd және «ҚазТрансГаз» компанияларында басшылық лауазымдарды атқарған. 2020 жылдың наурыз айынан бастап экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.