CaspianLife, 2 қыркүйек — «Арнаулы автобаза» ЖШС-да қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында (ҚТҚ) ағаш өңдейтін құрылғы орнатылды. Оның қуаты — тәулігіне 50 текше метрге дейін өнім бере алады.
«Арнаулы автобаза» ЖШС баспасөз қызметінде атап өткендей, ағаш жоңқасы (ұсақталған ағаш) — бұл әртүрлі тәсілдермен қолдануға болатын құнды материал. Ұсақталған ағаш қалдықтары топырақ бетін жабатын қабат арқылы ауа өткізгіштігін арттырады, соның арқасында жер ауадан азоттың бір бөлігін ала алады.
«Сонымен қатар, ағаш жоңқалары ылғалдың булануын азайтады және күн сәулесінің топырақ температурасына әсерін азайтады. Ыдырағаннан кейін ағаш үгінділері қарашірікке айналады және топырақты қоректік заттармен толтырады. Сондықтан, бірінші кезекте, оған жергілікті аграршылар қызығушылық танытты», — деді «Арнаулы автобаза» ЖШС баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, сынақ өнімдері жергілікті саябақта қолдану үшін қала еріктілеріне ұсынылғанын атап өтті. Ағаш өңдеу құрылғысының өзі қатты-тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында орнатылған. «Арнаулы автобаза» ЖШС басшылығының айтуынша, кептірілген ағаш пен ағашты қайта өңдеу, ең алдымен, сақтау кезінде өрт қаупін тудыратын ағаш қалдықтарын қауіпсіз түрде пайдаға жаратудың өзекті мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Полигонда шикізат жеткілікті, күн сайын ағаш қалдықтарының қажетті мөлшері түседі. Сондай-ақ, арнайы құрылғы арқылы үлкен құрылыс ағаш қалдықтарын да өңдеуге болады, ол үшін оларды тек шегелер мен бөгде заттардан тазарту қажет. Сонымен қатар, «Арнаулы автобаза» ЖШС ағаш жоңқасын қолдана отырып, «экологиялық» кірпіш жасау мүмкіндігінің барын да жоққа шығармайды.