CaspianLife, 13 тамыз — Пара алып ақша жымқырғаны үшін және басқа да айыптар бойынша сотталған Samsung Electronics Central Eurasia вице-төрағасы Ли Чжи Ен мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатылды.
Бұрынғы президент Пак Кын Хенің досына пара бергені үшін сотталған Samsung мұрагері оған тағайындалған 30 айдың 18-ін отырып шықты.
«Мен адамдарды алаңдатып қойғаным үшін кешірім сұраймын. Мен көп жұмыстанып, қолымнан келгеннің бәрін істеймін», — деді Ли.
Босатылғаннан кейін Ли бірден Samsung штаб-пәтеріне барды.
Президент Мун Чжэ Инның әкімшілігі Samsung вице-төрағасын мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім ұлттық мүддеде қабылданғанын хабарлады және жұртшылықты түсіністікке шақырды.
«Біз вице-төраға Лиді мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешімді қолдайтындар да, оған қарама-қарсы да пікірлер бар екенін жақсы білеміз. Көптеген адам оны осындай қиын кезеңде елге көмектеседі деп үміттеніп шартты түрде босатуға шақырды», — делінген хабарламада.
Агенттік Samsung мұрагері ұлттық мереке — 15 тамызға келетін азаттық күніне орай рақымшылық алатын тұтқындар тізіміне енгенін атап өтті. Ли Чжи Енды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімге әсер еткен факторлардың қатарында ведомство «covid-19 пандемиясының ұзаққа созылуына байланысты елдегі экономикалық жағдайдың» бар екенін де атады.
Айта кету керек, концернге төрағалық мұрагерлік жолмен өтеді. Samsung компаниясын 1938 жылы Корея Республикасының ең табысты кәсіпкерлерінің бірі Ли Бен Чхоль құрды. Ол қайтыс болғаннан кейін компанияны ұлы Ли Кун Хи басқарды, ол инфаркт алып, 2014 жылы төсекке танылды. Кейін 2020 жылдың қазан айында көз жұмды. Ал әкесі ауырған сәттен бастап Samsung-тың нақты басшысы болған оның ұлы Ли Чжэ Ен жақын арада ресми түрде компанияның басшысы атану керек болатын.
Алайда, Оңтүстік Корея соты оны 2017 жылдың ақпан айында тұтқындады. Ол 2015 жылы 43,3 миллиард вон пара берді деп айыпталды. Тергеу мәліметтері бойынша, пара Samsung-тың бірнеше құрылымдарының бірігуін мақұлдағаны үшін 2021 жылы сыбайлас жемқорлық үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хенің досы Чхве Сун Сильге арналған.
Естеріңізге сала кетейік, Samsung империясының мұрагері 2021 жылдың қаңтарында түрмеге жабылды. Прокуратура бастапқыда 9 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен.