CaspianLife, 06 тамыз — Мешіттерде ұжымдық жұма намазын оқуға тыйым салынды. Мұны Атырау облысының бас имамы айтты. Бұған өңірдегі эпиедмиологиялық ахуалдың күрделенуі және облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы себеп болып отыр.
Ал жұмыс күндері жеке дара 5 уақыт намаз оқи беруге рұқсат. Бірақ, демалыс күндері мешіт жабық болады. Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, мұның бәрі уақытша қабылданған шешім.
«Әркім өз бетінше келіп, аптаның бес күнінде жеке намаздарын оқуға рұқсат етіліп отыр. Ал сенбі, жексенбі күндері түбегейлі қаламыздағы барлық мекемелердің, барлық сауда орталықтарының және сонымен қатар мешіттердің жабық болуына байланысты бізде де жамағаттың кіруіне тосқауыл салып отырмыз. Ал үйде оқылған кезде жұма намазының орнына бесін намазы оқылады. Бесін намазды әркім жеке басына оқи беруге болады. Мешіттерде жұма намаз оқылмағанмен де, бес уақыт азан оқылып тұрады», — деп түсіндірді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.