CaspianLife, 26 шілде — Облыс бойынша Ауыл әкімдерінің сайлауына 33 мыңға жуық тұрғын қатысты. Ел тарихында алғаш рет тұрғындардың өздері таңдау жасап, 18 ауыл әкімі сайланды.
Жаңа басшылардың басым бөлігі, нақты айтқанда 16-сы бұл – мемлекеттік қызметкер немесе коммерциялық құрылым мен бюджеттік ұйым қызметкері, 15-і «НұрОтан» партиясы мен енді біреуі «Адал» партиясының өкілі болса, қалған екеуі өзін-өзі ұсынған азаматтар.
«Сайланған 18 әкімнің 1-і әйел. 8 ауыл әкімі өз ауылдық округтерінде қайта сайланды. Олардың ішінде 6 экономист, 4 оқытушы, 3 ауыл шаруашылығы қызметкері, 2 заңгер, 1 инженер және тағы екі тұлға өзге мамандық иелері. Сайланған әкімдердің орташа жасы-47», — деп хабарлады Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бас маманы Вера Кузеняткина.
Жаңадан сайланғандардың ең жасы 29-да болса, ең үлкені 61-де. Аумақтық сайлау комитеті өкілдерінің мәліметінше, сайлау процесі мен сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары кезінде ешқандай құқық бұзушылық анықталмаған.
Заң бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға және жасы 25-тен төмен болмауы, жұмысқа қаблетті әрі мемлекеттік қызмет талаптарына сай, сотталмаған және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығынан таза болуы тиіс. ауыл әкімдерінің сайлауына 52 кандидат қатысқанын айта кетейік.