CaspianLife, 7 шілде — Түркияда Олудениз ауылының маңында бортында 35 туристі бар яхта батып кетті. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Көптеген адам жағалауға өздігінен жүзіп шыққан.
Іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Оған себеп жағалау күзеті сүңгуірлерінің командасы тікұшақтағы мамандармен бірге су астынан ешқандай дене таппаған.
Жергілікті тұрғындар үш туристке судан шығуға көмектескені атап өтілді. Олардың арасында екі жасар бала болды, өкінішке орай дәрігерлер оның өмірін құтқара алмапты.
Апаттан нақты қанша адам зардап шеккені әзір айтылған жоқ.