CaspianLife, 1 шілде — Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде оны коронавирустық инфекциядан емдеген ресейлік дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлады Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.
«Мен көп нәрсені ешқашан ұмытпаймын. Мен ауырған кезде бір топ ресейлік дәрігерлер менің қасымда 10 күн болды. Бұл менің ем алуымдағы шешуші сәттер болатын. Бұл ұмытылмайды. Рахмет, Владимир Владимирович. Сізді тағы да өз тарапымыздан терең құрметімізге сендіремін. Сіздерге шын жүректен табыс тілеймін», — деді Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентіне екі мемлекет арасындағы тату көршілік қарым-қатынас пен коронавирусқа қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін де алғыс айтты.
«Мен қазір еркін адаммын, президент болмағаныма 3 жыл болды. Бірақ, мен сізбен кездесе алмай қалмаймын, өйткені біздің қарым-қатынастарымыздың, Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынастарының тарихы соншалықты тұрақты, көпшілік елге мемлекетаралық қатынастардың мысалы болып табылады. Мен пандемия кезінде Ресейдің біздің тарапқа көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді», – деп атап өтті Назарбаев.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың шілдесінде пандемияның ортасында Ресей Денсаулық сақтау министрлігі мен Роспотребнадзор дәрігерлерінің тобы ТЖМ арнайы рейсімен елордаға келді. Топқа вирусологтар, эпидемиологтар және басқа да мамандандырылған дәрігерлер кірді. Олар қазақстандық әріптестеріне коронавируспен күресте көмектесетіні туралы хабарланды.