CaspianLife, 15 маусым — Кеше кешке қарай Новосібірдегі Гусинобродск тасжолында орналасқан жанармай құю бекетінде өрт шығып, май толы резервуарлар жарылды. Қазіргі уақытта 21 адамның зардап шеккені туралы ақпарат бар. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеолармен әлеуметтік желіні толтырып-ақ жатыр.
ТЖМ өкілдері өртті 90 адам, 25 техника сөндіргенін хабарлады. Новосібір облысы бойынша ТЖМ бас басқармасы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дмитрий Ярцев қызыл жалынның кесірінен газ тасымалдауға арналған автомобиль мен газ резервуары жойылғанын мәлімдеді.
Өрт Атырау уақытымен кешкі жеті шамасында толық сөндірілді.