СaspianLife, 28 мамыр — Канцев көшесі бойында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып келеді. Доссор көшесінен бастап Уәлиханов көшесінің қиылысына дейінгі ұзындығы 400 метр болатын бөлікті 2 маусым күні ашу жоспарланып отыр.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Атырау облысы бойынша филиалының мамандары жол құрылысының сапасын тексерді.
Мамандар жөндеу жұмыстары әрбір кезеңде тексеріліп, әбден аяқталғанша бақылауда болады деп отыр. Егерде қандай да бір кемшілік анықталса, оны мердігер мекеме тез арада қалыпқа келтіруге міндетті.
Ұзындығы 1260 метр болатын Георгий Канцев атындағы көше бойындағы жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталған еді.