CaspainLife, 25 мамыр – Бүгін 3 миллионнан астам қазақстандық оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Оның 150 мыңға жуығы мектеп бітіруші түлек. Ал, 200 мыңнан астамы 9-сыныпты аяқтайды.
Былтыр мектеп табалдырығын алғаш аттаған 350 мыңға жуық бүлдіршін 1-сыныпты тәмамдамақ. Соңғы қоңырау шарасы 9 бен 11-сыныптар үшін дәстүрлі түрде өтсе, қалған оқушылар үшін онлайн форматта ұйымдастырылады.
Атырау облысы бойынша 130 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап отыр. Оның 6 мыңға жуығы мектеп бітіруші түлек. 288-і «Алтын белгіге» үміткер болса, «Ерекше аттестатты» 218 түлек иеленуі мүмкін.
9-сынып бітірушілер саны — 10 мыңнан асады. Оның ішінде 809-ы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Ақпарат көзі: CaspianLife