CaspainLife, 13 мамыр – Желілік полиция қызметкерлері темір жолды торуылдаған қылмыстық топты ұстады. Жеңіл ақша табуды көздегендер Мақат станциясына келіп тоқтап тұрған транзитті жүк пойызынан 8 тонна өсімдік майын ұрлаған.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті бірнеше тұрғын ұсталып, ұрланған тауар тиелген көлік табылды.
«Олар өздерінің уаз көліктерімен түнгі уақытта вагон есігін ашу арқылы ішінен 8 тоннадан астам күнбағыс майын ұрлағаны анықталды. Қазіргі таңда ҚР-ң қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде», — дейді Атырау станциясы ЖПБ Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Айболат Көшімов.