CaspianLife, 6 мамыр — Экс-министр Елжан Біртанов сотта сөз сөйледі. Ол бюджет қаражатын жымқыруға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
«Кеше бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатары прокурордың маған айып таққандығы туралы қате немесе мақсатты түрде ақпарат таратты. БАҚ өкілдеріне маған әлі күнге дейін айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын тағы да мәлімдегім келеді».
«Прокурордың өтінішінде маған қарсы жасалған күдіктердің заңдылығы мен негізділігін растайтын ешқандай анық фактілер жоқ. Себебі ұрлық болған жоқ. Мен ешқандай сыбайлас жемқорлық істеріне қатыспағанымды тағы да мәлімдеймін».
«Мен министр болып туған жоқпын, мен осы елде өстім, адал жұмыс істедім, салық төледім және бәрімен бірдей құқығым бар».
«Өтініште менің шетелде жылжымайтын мүлігім бар делінген. Мүмкін мен білмейтін шығармын. Соттан соған қатысты құжаттарды талап етуіңізді сұраймын. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, жоқ құжаттардың бар екендігін растаған тергеуші мен прокурордың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруіңізді сұраймын», — деді ол өз сөзінде.
Фото: интернет желісінен алынған