CaspianLife, 6 мамыр — 1989 жылы Ленинградта тұратын қазақтардың бастамасы бойынша «Ата-Мекен» Қазақ мәдениеті қоғамын құру туралы шешім қабылданды. Оны Сәрсенғали Аққұлұлы 1996 жылдан бастап қазіргі күнге дейін басқарды.
Санкт-Петербургтегі отандастар қоғамдастығының жетекшісі Сәрсенғали Құспановтың өмірден өткені туралы қайғылы хабардыҚазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз қызметі жеткізді.
Сәрсенғали Аққұлұлы Құспанов 1938 жылы Қазақ КСР Гурьев облысында (қазіргі Атырау облысы) дүниеге келген. Әскери қызметке дейін мұнай өнеркәсібінде жұмыс істеді. Кейін Қиыр Шығыста әскери борышын өтеген. Әскерден кейін Ленинградтағы Ульянов-Ленин атындағы электротехникалық институтына түсіп, оқуды аяқтап сол Ленинградта қалады.
Тыл және көлік әскери академиясының электрондық есептеу орталығын басқарды. КСРО-ның барлық металлургиялық зауыты кіретін ауыр машина жасау Министрлігінде бөлім бастығы, директордың орынбасары болып еңбек етті.
Қоғамдық жұмыстар бойынша Сәрсенғали Аққұлұлы 1964 жылдан бастап қазақстандықтардың «Ленинградтық студенттер мен аспиранттар кеңесінің» төрағасы және «Арай» ансамблінің жетекшісі болды.
1989 жылы Ленинградта тұратын қазақтардың бастамасы бойынша «Ата-Мекен» Қазақ мәдениеті қоғамын құру туралы шешім қабылданды, оны Сәрсенғали Аққулұлы 1996 жылдан бастап қазіргі күнге дейін басқарды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі Сәрсенғали Аққұлұлының жақындарына көңіл айтады.
«Біз туыстарымен бірге ауыр және орны толмас қайғыны бөлісеміз. Біздің жадымызда ол жоғары парасаттылықтың, мәдениеттің, мейірімділіктің, жауапкершіліктің адамы болып қала береді», — делінген Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің сайтында жарияланған жеделхатта.
Фото: РФ-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі