CaspianLife, 5 мамыр — 4 мамыр күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне әкелінген азық-түліктерді тексеру кезінде пластикалық ыдыстың түбіне жасырылған жасыл түсті шөп табылған.
«Мекеме қызметкерлері заңсыз сәлемдеменің ұрлық жасағаны үшін ұсталған 28 жастағы азаматқа жолданғанын анықтады. Шөп полиэтилен пакетке оралып, ыдыстың түбіне жасырылған. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының тергеу тобы шақыртылып, заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді,» — дейді мекеме бастығының орынбасары Роман Увашев.
Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мекемеге әкелінетін сәлем-сауқаттар рентген аппаратымен жіті тексерілетінін атап өтті.
Фото: Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметімен ұсынылды