CaspianLife, 4 мамыр — Қала маңындағы ауылдардың бірінде, үш шағын ауданның кейбір үйлері мен көшелерінде бірнеше сағатқа электр қуаты өшіріледі.
Бұл туралы Облыс әкімдігі жанындағы 109 бірыңғай байланыс орталығы әлеуметтік желілерде хабарлады. Хабарландыруда ертең, 5 мамырда электр жабдықтары мен электр беру желілерінде (ЭБЖ) жоспарлы жұмыстар жүргізілуіне байланысты төмендегі мекенжайлар бойынша электр энергиясын жоспарлы ажырату жүргізілетіні айтылған. Атап айтқанда:
— сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Алмалы кентінде;
— сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Авангард-4 шағын ауданындағы №4, №17, №19, Владимирская көшесіндегі №7, №7 «А» және №7 «Б» үйлерінде;
— сағат 10: 00-17:00 аралығында Мечников, Станционная, Заболотная көшелерінде, сондай-ақ Атырау шағын ауданындағы №41 көшеде;
— сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Лесхоз шағын ауданында, Садықов көшесінде, №2 және №8 көшелерде және Сарықамыс-2 шағын ауданындағы №13 көшеде.
Фото: CaspianLife