CaspianLife, 4 мамыр — Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткімен айналысқан 29 жастағы азаматты ұстады.
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған мәлімдемеге сәйкес тінту кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленген. Бұл 5 млн.теңге тұратын 3500-ден астам дозаға тең.
«Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткі басқа қаладан жеткізілген», — деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бапта қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Атырау облысының аумағында есірткі құралдарын жеткізу арналарын анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
(Видео полиция департаментінің баспасөз қызметімен ұсынылды)
Фото: редакция мұрағатынан алынған