Үндістан билігі өткен тәулікте тіркелген өлім саны туралы жариялап, антирекордттың орнағанын хабарлады.
Ковид-19-дан көз жұмғандар саны 3 600-ден асқан. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішке қарағанда 350-ге көп. Өкпені жасанды жеделдету аппараттары, медициналық құрал-жабдықтар, реанимацияда орын жетіспей қиналып жатқан елге көмектесу үшін халықаралық қоғамдастықтар күш біріктіруде. Вакцинация науқаны жақсы жүріп жатқанымен, Үндістан халқы 1 миллиард 300 миллион адамнан асады, сол себепті де вакцинация инфекцияның таралу қарқынына ілесе алмай жатыр. Шетелдіктер қауіпті вирустан қорқып Үндістаннан бас сауғалай қашуда. Солардың бірі – Франция тумасы Манон Труш. Ол Нью-Делиде 7 жыл тұрған.
Жексенбі күні қажетті құрал-жабдықпен Британиядан алғашқы жүк ұшағы аттанған еді. Одан бөлек, Еуроодақ елдері жеке-жеке көмек қолдарын созуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да қысқа мерзімде мобильді ауруханалар салу және оларды керекті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.