Атырау қаласындағы модульдік және №2 облыстық ауруханада ем алып жатқан науқастардың жағдайын туыстары Call-орталыққа хабарласып біле алады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Call-орталық күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Туыстары мен жақындарының телефон қоңырауларына ауысым сайын үш кезекші дәрігер жауап береді.
— Бұл ретте денсаулық жағдайы туралы ақпарат емделуші ауруханаға түскен кезде көрсететін бір ғана туысына берілетін болады,-деп нақтылады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Call-орталық нөмірі: 8778 048 94 07
Соңғы ресми мәліметке сай, модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында 179 науқас, №2 облыстық ауруханада 106 адам емделуде.