Жеңілдетілген 4%-дық несиемен көлік алу жолдары — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жеңілдетілген 4%-дық несиемен көлік алу жолдары

14.04.2021
Жаңалықтар
4
Жеңілдетілген 4%-дық несиемен көлік алу жолдары

Жақын айларда елімізде 4 пайызбен жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасы тағы басталады. Көпшілік осы арқылы көлік алуды жоспарлап отырғаны белгілі. Автонесиені қаржыландыру үшін Қазақстанның даму банкі екінші деңгейлі банктерге 20 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Автонесие алушыларға қойылған талаптар:

  • Бағдарлама арқылы көлік алуға өтініш берген кезде жасыңыз 21-ге толған, ал қарыз мерзімі аяқталған кезде 68-ден аспаған болуы керек;
  • Жоба бойынша тек отандық жеңіл автокөлікті ала аласыз;
  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – жылына 4 пайыз;
  • Несиені 5 немесе 7 жылға рәсімдей аласыз.

Банктер қандай шарттар ұсынады?

Отандық жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасын екінші деңгейлі банктер  әртүрлі пайызбен ұсынады. Мысалы, «Халық банктен» автонесие алар болсаңыз, автокөліктің шекті құны 15 000 000 теңгеден көп болмауы керек.

  • Жалақысын осы банк картасы арқылы алатын азаматтар құны 5 000 000 теңгеге дейінгі көлікті бастапқы жарнасыз ала алады. Ал басқа клиенттер үшін 20 пайыздан бастап беріледі.
  • Құжаттар тізімі: өтініш иесінің және қосарлы заемшының (ол қатысқан жағдайда) жеке куәлігі.

«Сбербанкте» берілетін несиенің максималды сомасы – 13 500 000 теңге.

  • Бастапқы жарна 10 пайыздан басталады;
  • Қажетті құжат – жеке куәлік қана.

«Банк ЦентрКредит» АҚ жаңа автомобиль сатып алу бойынша ең жоғары сома ұсынып отырған бірегей банк: 25 млн теңге. Бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады. Банктің ресми сайтында «Клиент қолданыстағы автокөлігін бастапқы жарна ретінде бере алады. Автосалон банкке қолданыстағы автокөліктің бастапқы жарнаны төлеу ретінде берілгенін құжат жүзінде растайды» деп көрсетілген.

ВТБ Банктің көпшілікке ұсынатын несие сомасы – 2 250 000 теңге мен 13 500 000 теңге аралығында.

  • Бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады.
  • Несие мерзімі – 84 айға дейін.

4 пайызбен автокөлік несиесін алғысы келетін Forte Bank клиенттері үшін бастапқы жарна 5 пайыздан басталады.

  • Несие сомасы – 1 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін.

Eurasian Bank-тің бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады. Несие бергені үшін комиссия ұсталынбайды.

  • Несие сомасы – 450 мың теңгеден 13 500 000 теңгеге дейін;
  • Сақтандыру және автотранспортты кепілге қоюды рәсімдеу бойынша шығындарды клиент өзі төлейді.

Несие бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын көліктер тізімі:

KIA – Ceed, Cerato, Optima, Picanto, Rio, Sorento, Soul, Sportage, Stinger, Seltos;

Škoda – Octavia, Rapid, Superb, Kodiaq;

Hyundai – Accent, Creta, Tucson, Elantra, Sonata, Santa Fe;

Chevrolet – Damas DLX, Nexia, Cobalt, Malibu, Trailblazer, Equinox, Tracker, Niva;

LADA – LADA 4*4 21310, Granta, XRay, Vesta, Largus, 4*4 21214;

УАЗ – 220695-04, Patriot, Hunter, 390995, 374195-05;

Ravon – Nexia R3;

JAC – S3, S5, S7, J7.

Автонесиге қалай өтінім береміз?

Қазірден бастап бұл бағдарламаға өтініш бере аласыз. Ол үшін жоғарыда атап өткен екінші деңгейлі кез келген банк бөлімшесіне бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып алғаныңыз жөн. Банк сіздің өтінішіңізді үш жұмыс күні ішінде қарап, бағдарлама талабы бойынша төлем қабілетініңізді анықтайды. Егер банк талабына сай келіп тұрсаңыз, өтінішіңізді қабылдап, автонеисеге кезекке тұрасыз.

Егер банкке баруға мүмкіндігіңіз болмаса, үйден шықпай-ақ «Сбербанк», «Фортебанк» және «Еуразия банктың» ресми сайтын кіріп, онлайн өтінім беруіңізге болады.

Бағдарламаның жасаушылар клиенттерге ыңғайлы болу үшін биылдан бастап банктегі кезегіңізді онлайн қарап отыру мүмкіндігін қосты. Ол үшін өтініш берген банктің ресми сайтына кіріп, ЖСН нөмірі арқылы кезекте нешінші тұрғаныңызды бақылай аласыз. Қазірше бұл мүмкіндікті «Халық банк», «Сбербанк» және «ВТБ банк» арқылы өтініш бергендер ғана пайдалана алатынын айта кеткен жөн. Жеңілдетілген автонесие алуға берілген кредиттік өтініштердің берілуіне байланысты электронды кезек жаңартылып отырады.

Биылғы бағдарлама сәуір-мамыр айларында қосылады деп күтілуде.

Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.