Қазақстандықтар жиі қолданатын сұйықтықтың ішінен у табылды – тергеу басталды — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 28 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар жиі қолданатын сұйықтықтың ішінен у табылды – тергеу басталды

13.04.2021
Жаңалықтар
0
Қазақстандықтар жиі қолданатын сұйықтықтың ішінен у табылды – тергеу басталды

Дүкен шыны жуатын сұйықтықты лицензиясыз сатқан. Ал заңсыз өнімді сараптамадан өткізу кезінде улы заттардың тізіміне енгізілген метанол анықталды.

Оқи отырыңыз...

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

27.09.2023
Атырауда әуежайдан 28 ителгі сұңқарды заңсыз алып өтпек болған

Атырауда әуежайдан 28 ителгі сұңқарды заңсыз алып өтпек болған

27.09.2023

Өскеменде жүздеген литр шыны жуатын сұйықтықтың құрамынан «метанол» деген улы зат табылды, деп хабарлады «Устинка LIVE«.

Қазақстанның автохимия өндірушілері мен тұтынушылары қауымдастығы тауарды сатып алып, «ОйлсертИнтернейшил» ЖШС-іне сараптамаға берген. Оған сәйкес, шыны жуатын сұйықтықтың құрамында 5,09% метанол болған. Ал кристалдану температурасы минус 15 градусты құрады. Сараптаманың қорытындысы бойынша сұйықтықтың құрамындағы метанолдың мөлшері ұлттық стандарттарда бекітілген нормадан 100 есеге артып кеткен. Осыдан кейін қауымдастық өкілдері полицияға арыз жазды.

«ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 16 АҚПАНДАҒЫ ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС, МЕТИЛ СПИРТІ УЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ КІРЕДІ. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДЫРЫЛҒАН ТЕРГЕУ СОТЫНЫҢ ШЕШІМІМЕН ДҮКЕН ИЕСІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ», – ДЕЙДІ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ.
Осылайша, дүкен мен қойманы тінту кезінде шыны жуатын сұйықтықтың 484 данасы тәркіленді.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 301-бабы, 1-бөлігі «Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы» бойынша сотқа дейнгі тергеу шаралары басталды», – деп атап өтті полицейлер.

Айта кетейік, бұл бап бойынша бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.