Инфекция Атырау қаласындағыдай ауылдық жерлерде де таралу қарқыны өсіп келеді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ауру жұқтырғандардың ішінде 80 науқас Атырау қаласынан тіркелді. Ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 7 жағдай анықталды.
Облысқа қарасты аудандарда да індеттің таралу қарқыны өсіп келеді. Кешегі тәулік ішінде COVID-19 ауруы Жылыой ауданында — 3, Қызылқоға ауданында — 4, Индер ауданында — 3, Құрманғазы ауданында — 9, Махамбет ауданында — 2, Мақат ауданында – 2 адамнан анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста аурудың белгілері бар, ал 62 адамда байқалмайды.
Өткен тәулікте өңірде коронавирустан 29 адам сауығып шақты.
Қазір 794 адам үйден, 158 модульді ауруханада, 75 науқас облыстық ауруханадың инфекциялық стационарында, 93 адам аудандық жұқпалы аурулар ауруханаларында, 139 адам Теңіз кенішіндегі жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта тұр.
Вакцинация туралы ақпарат
10 және 11 сәуірдегі жағдай бойынша 920 адам «Sputnik V» вакцинасының І компонентін қабылдады. Оның ішінде 14 денсаулық сақтау қызметкері, 5 мұғалім, 23 полиция қызметкері, 6 студент, 3 құқыққорғау органдарының қызметкері, 2 мемлекеттік қызметкер, созылмалы аурумен ауыратын 1 адам, 866 жергілікті тұрғын.
2021 жылдың 1 ақпанынан 11 сәуіріне дейінгі аралықта «Спутник V» вакцинасының І компонентін 8103 адам ектірді. II компонентті 2822 адам қабылдады. 9 сәуірде облысқа «Sputnik V» вакцинасының 8 мың дозасы жеткізілді.