Бұл туралы Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ғазиз Надуевтің мәлімдеуінше әзірге кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу қойылмайды. «Шектеу шараларын енгізу шешімін облыстық жедел штаб қабылдайды. Республикалық бас санитар дәрігердің 67-қаулысына сәйкес сары аймақтағы өңірлерге қойылған шаралар қолданылу керек», — деді Ғазиз Надуев.
Ал мектеп оқушылары арасынан бір сыныпта коронавирусты 3 оқушыдан артық жұқтырса, бүкіл мектеп карантинге жабылады. Бас санитар дәрігердің айтуынша, ата-ана баласын онлайн форматта оқытуға құқы бар.
Ондай жағдайда мектеп басшылығына арыз жазуы тиіс. Айта кетейік, өңірде жалпы облыс бойынша 145 мектеп оқушысы ковид жұқтырған.