Оқиғаны видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері жолды жауып тастаған
Әскери ұшақ «Ақтау – Жаңаөзен» тас жолына қонды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.
Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлері желіде жариялаған. Олардың айтуынша, «Ақтау – Жаңаөзен» тас жолын полиция қызметкерлері жауып тастаған.
«Олар жолды жауып тастаған соң, ұшақ тас жолға қонды. Біздің айналма жолмен жүруімізге тура келді», – дейді кадр сыртындағы дауыс.