Атырауда баланы ұрды деп айыпталған «Алтын балық» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды Caspian Life.
Қатыгездікке толы жазбаны жәбірленушінің әкесі желтоқсан айында әлеуметтік желілерге жариялаған еді. Кадрлардан тәрбиешінің баланың басынан ұрып, құлағанын тартқанын анық көрінеді. Оған қоса, балақайды аяғымен басқан.
Ал кішкентай керісінше оны арқасынан құшақтайды. Баланың әкесі осындай зорлық-зомбылық фактілері бар 25 бейнежазбаның бар екенін алға тартып, жәбірленушінің дамуына зиян келтіргенін айтады. Жарты жылдан кейін сот әйелді кінәлі деп тапты.