Атырау облысында жыл басынан бері 28 мың адамға әкімшілік айыппұл салынған.
Өңірде мемлекет алдында берешегі барларды анықтау және айыппұлды өндіру мақсатында «Борышкер» акциясы жүріп жатыр. Мамандар борышкерлерді анықтаған жағдайда оның есепшотына және автокөлігі мен жеке мүліктеріне бұғат салынатындығын ескертті.
Жеке сот орындаушылары рейд басталғалы мемлекет пайдасына 44 милион теңгеге жуық қаржы өндірген. Сондай-ақ, құзырлы органдар биылғы борышкерлердің саны былтырғыға қарағанда төмендегенін және бұған жыл сайын өткізілетін түсіндіру жұмыстарының әсер еткенін айтады.