Орталық көпір мамыр айында тағы да жабылады. Кешелі бері көпір үстіндегі шұңқырларды жамау мақсатында ондағы көлік қозғалысы екі рет тоқтатылған еді.
Енді бір айдан кейін плиталарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жолға қойылып отыр. Ал Атырау қалалық ТҮКШ секторының бас маманы көпір жабылар алдында тұрғындарға алдын ала ескерту жасалады дейді.
Ержан ХАЙНОЛЛАЕВ, Атырау қалалық ТҮКШ секторының бас маманы
— Тұрғындар мен жүргізушілерге қолайлы болу үшін бірінші барлығына хабарландыру беріліп, содан кейін қолайлы бір уақыт тауып жөндеуді бастаймыз. Негізгі жоспарымыз түнге қарай жұмыс жасауды мақсат көріп отырмыз. Және де қаламыздағы жолдарды жасау түн мезгіліне жоспарлануда.
Алайда бұл орталық көпір көптен күткен күрделі жөндеуден өтеді деген сөз емес. Ауқымды жұмыстар 2 жылдан кейін ғана жүзеге асатын көрінеді.