Индер ауданындағы эпидемиологиялық ахуал жақсы емес. Аудандық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Уразалиеваның айтуынша, соңғы екі аптада вирус жұқтырғандардың саны 40-тан асқан. Оның 9-ы бала.
Индер аудандық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы басшысының м.а.
— Сонымен қатар былтырғы жылы жалпы саны 477 ауру тіркелген болса, биылғы жылға 87 ауру тіркеліп тұр. Күні бүгінге ауруханада 8 науқасымыз жатыр. Ауданда жалпы адамдардың карантиндік сақтық шараларының сақтамауы себебінен деп ойлаймын.Сондықтан да сақтану керек.
Өкінішке қарай, 1 ошақтан 4-5 науқастың тіркелу дерегі де бар. Олар әсіресе ауданның Көктоғай, Есбол, Бөдене ауылдық округтерінде кездесуде. Ауданда «Спутник-В» вакцинасын салу жұмыстары да уақытылы жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер бастап, өзге сала мамандары қостап салдырған екпеден тапшылық жоқ.
Күләш ҚАРАЖАНОВА, Индер аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары
— Ауданымызда коронавирус инфекцияға қарсы егу жұмысы ақпан айында басталды. Еңбірінші кезекте медицина қызметкерлері одан кейін педагоктар, ішкі істер қызметкері егілді. Барлығы 395 вакцина келді. 135 қызметкер егілді. 325 дозының 200 дозысы кеше 3 сәуір күні жеткізілді.Оған өз еркімен тұрғындарға егіуге арналған доза. Бүгінгі күні жұмыс жүргізіліп жатыр.
Өткен жылы індет кең етек жайғанда науқастарға оттегі балоны жетпей біраз қиындық туындаса, биыл ол олқылықтың орны толғандай. Арнайы оттегі тарату станциясы іске қосылып, науқастарға дер кезінде көмек көрсетілуде. Ақ халаттылардың айтуынша күні бүгін 8 науқас ем қабылдап жатыр, қосымша 16 керуерт және дайын тұр. Сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті.