«Атырау Нефтемаш» ЖШС-ң жұмысшылары жалақыларының кешіктіріліп жатқандығына наразы. Бұл жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ дейді олар. Тіптен ұзақ уақыттан бері жұмыс беруші тарап азаматтардың медициналық сақтандыруына, зейнетақы қорына төленетін төлемдерді жасамаған. Әуел баста жұмысшылар еңбекақыларын алып жүрсе, қаңтардан бастап жұмысшыларға келісім ақымен еңбек етуге ұсыныс түскен. Бұған көнбегендерге басшылық «жұмыстан боссың» деген көрінеді.
300 ден астам адам қызмет ететін кәсіпорында жалақы бірінші рет кешіктіріліп отырған жоқ. Былтырдың өзінде мекеме жұмысшыларына 56 миллион теңгеден астам қарыз болып, заң жолымен ғана төленген. Ал «Атырау НефтеМаш» ЖШС директоры қысқа да нұсқа сойлеп, қаржының жоқтығын ашып айтты. Сондай-ақ, жұмысшылар таңған ешбір айыптауға қарсы шықпады.
Александр ДОНСКОВ, «Атырау НефтеМаш» ЖШС директоры
Жалақыны кешіктірп жатқанымызды мойындаймын. Қазір бізде бұл мәселе бас ауруына айналды. Бүгінде зауыт ақпан айындағы еңбекақының 20 пайызын төлеген жоқ. Наурыздын жалакысы жане бар. Себебі қаржы жоқ. Тығырықтан шығу жолын қарастырып жатырмыз. Маселены шешудын еки жолы бар: Бірі жұмысшылар санфын қысқарту арқылы олардың еңбекақыларын төлеу немесе келысым акыга көшуіміз керек.
Жұмысшылардың жанайқайы еңбек инспекциясына да жетті. Олар істің енді ғана қаралып жатырғанын алға тартты.