Қаладағы көлік қозғалысы жиі болатын Сұлтан Бейбарыс даңғылының бір бөлігі 5 күнге жабылды.
Кешеден бері қозғалыс тоқтаған көшеде «Атырауинжстрой-Аис» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, қалыңдығы 5 см болатын 440 метрді құрайтын учаскеге ұсақ түйіршікті асфальт төселуде. Яғни, Бигелдинов көшесімен Құрманғазы көшесінің қиылсы.
Жоспарға сәйкес, жөндеу жұмысы 8-сәуірде аяқталуы керек. Қазіргі таңда жол көлік инфрақұрылымын дамыту және жол кептелісінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмысқа 25-ке жуық техника жұмылдырылған.
Нұрбол ЖАНПЕЙІСОВ, Атырау қалалық ТКШ бөлімінің өндірістік техникалық секторының бас маманы
Осы жұмыстар аяқталысымен Сұлтан Бейбарыс даңғылы қолданысқа тапсырылады. Сонымен қатар, елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясының іске асыру мақсатында жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 900-ге жуық жергілікті жұмысшылар жұмысқа орнатылды. Және де осы жоба бойынша жаңадан 21 аялдама орнатылып, оның ішінде төртеуі жабық күйде, жылытқыш,салқындатқыш қондырғыларымен жабдықталған.
Сонымен қатар даңғыл жиегіне лэд лампалы жарық шамдар орнатылып, 2500-ге жуық талдар орнатылған. 5 күнге жолдың жабылуы көлік жүргізушілеріне қиындық туғызуда. Оған көшелердегі кептеліс дәлел. Бірақ, асфалттың жағдайы оңалғасын, теміптұлпар тізгіндегендерге кедергі болмайтыны анық.