Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.