Бұл вакциналар жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған.
Айта кетейік бұған дейін медицина және полиция қызметкерлері екпе алған болатын. Дегенмен олардың вакцинаны әлі толықтай алып болмауы себепті егу жұмыстары жалғаса бермек. Ал әкелінген вакциналар Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының қоймасында сақтаулы.
1 ақпаннан бері «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін 3 600 адам салдырған. Ал екінші компоненті 1 255 адамға егілді. Осылайша, шілде айына дейін 60 мыңға тарта атыраулық екпе алады деп жоспарланып отыр.
Жарқынай Қанатова