Жарты миллиард теңге. Бұл – Атырау облыстық әкімдігіне қарасты 50 қызметтік көліктің жалпы құны.
Merzedes-Bens, Skoda,Toyota, Ssang Yourg Chariman, Chevrolet Captiva, Hyundai, KIA маркілі машиналар. Олардың жүріп-тұруы үшін қазынадан биыл 120 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Президенттің тапсырамасын облыстық әкімдіктін қалай орындағандығын білу мақсатында сұраныс жібергенбіз. Бірақ облыс әкімі аппаратының жетекшісі Болат Исаковтың қолымен екіұшты жазбаша жауап алдық.
Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың қызметтік көліктеріне талдау жүргізіп жатыр. Сол жұмыстардың қорытындысына сәйкес, басшыларды қызметтік көлікпен жаңа тәсіл бойынша қамтамасыз ету жағы қарастырылып, Үкіметке ұсыныстар берілетін болады
Ал халық пандемия белең алған тұста ақжағалылардың жүріс-тұрысына миллиондаған қаржыны бөлу дұрыс емес деп есептейді. Оларға қаражат жұмсағанша, жұрттың жыртығын жамау керек деп санайды.
Атыраулық шенеуніктер Президент тапсырмасын орындауға асықпағанмен, кейбір өңірлер шешімді бірнеше күннің ішінде қабылдап үлгеріпті. Мысалы, Павлодар облысының әкімдігі президенттің тапсырмасынан кейін қызметтік көлік санын 17-ден 11-ге азайтып, 60 миллион теңгені үнемдепті. Ал, бізде керісінше. Жергілікті Ақ Үйдің автотұрағы биыл тағы бір қызметтік көлікпен толықпақ.