Атырау өзен порты» халықаралық бағытта жүк тасымалдайтын аймақтағы жалғыз кәсіпорын. Мұнда 16 тоннаға дейін жүк көтеретін кран мен өзге де техникалар бар. Бірақ судағы жүк тасымалы жанданбай отыр. Өйткені кедергі көп.
Облыста су бетіндегі байланыс тұралап тұр. Былтыр Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмыстары жасалғанына қарамастан мәселе толық шешімін таппаған. 2020 жылы жергілікті билік пен демеушілердің арқасында канал сағасы тереңдетіліп, өзен порты 3жарым мың тонна ірі көлемдегі жүк қабылдаған.
Бүгінде Қазақстан мен Румыния арасында судағы жүк тасымалына қатысты келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, Атыраудан Түркияға өзен порты арқылы күкірт тасымалдауға қызығушылық танытып отырғандар да бар көрінеді. Дегенмен, олардын жузеге асу- аспауы – өзен сағасының тереңдетілуіне байланысты . Мамандар Жайық пен Каспий теңізінің қосылар тұсын Шығыс Солтүстіктен соғатын жел құммен толтырып тастайды. Оны жыл сайын қазып, тереңдетіп отырмаса саға бітеле бермек дейді.
Жайық өзенінің суын молайту және гидрологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүзеге асырылатын жобаға мемлекеттен 5 млрд теңге қаражат бөлінген. Тереңдету жұмыстары тамыз айынан кейін ғана басталмақ дейді мамандар.