Тағы да шектеу. Атырауда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны азаймаса локдаун енгізілуі мүмкін.
Бірнеше күн бұрын қызыл аймаққа енген өңірдің эпидемологиялық ахуалы жақсы емес. Тек соңғы аптада қауіпті дерттің ілмегіне 500-ден астам жан ілінген.Оның жартысынан көбі қала тұрғындары. Бұл өсімді мамандар тұрғындардың санитарлық талаптарға немкетті қарауынан дейді. Соған байланысты Атырау облысында шектеулер күшейтілді. Нақтырақ айтсақ, енді мейрамхналар тек кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Ал, ойын сауда орталықтары мен сауда үйлері, базарлар сенбі, жексенбі тұрғындарға қызмет көрсетпейді.
Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес бүгіннен бастап мәдени нысандардың яғни, театр мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтады. Оған қоса, демалыс күндері СПА орталықтар, сауналар мен бассейндер жұмыс жасамайды.
Ал, төртінші тоқсаннан бастап 1-5 сыныптар аралығындағы оқушылар оффлайн режимде оқыса, 9,11 класс аралас оқу форматында қала бермек. Яғни, пәндердің 70 проценті мектепте оқытылады.