Ковидке қарсы вакцинацияның келесі партиясы 4 наурызда келеді. Денсаулық сақтау басқармасындағылар алдымен медицина қызметкерлерін вакцианациялауды аяктайтындықтарын айтып отыр. Кейін мұғалімдерге сонымен қатар, санақ жүргізетін интервьюерлер де вакцинация алатын болады дейді олар.
Бұл жоспарлар орындалғаннан кейін ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кезек учаскелік полицейлер мен студенттерге келмек.
Нина ОСПАНОВА, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы
Осы 4 наурызға 2000 доза келу жоспарланып отыр. Одан кейін 15 наурыздан бастап 3600, одан әрі қарай қосымша келе береді. Қазіргі уақытта 2000 вакцинаны күтіп отырмыз. Бірінші кезекте медицина мамандарын аяқтағаннан кейін барып, педагогтарға бастаймыз.