Қаланы қардан тазартқан қызметкерлерге шәй ұсынылды. Айта кетейік, жиі соға бермейтін боран халыққа қуаныш сыйлағанмен, тазалықшыларды әбігерге салды.
Дегенмен «Спецавтобаза» ЖШС жұмысшылары іске білек сыбана кіріскен. Тіпті олардың сөзінше, қар аршу жұмыстары түнгі 12 жарымға дейін жалғасады. Аязды күні ел игілігі үшін қызмет еткен жандарға алғыс білдіру мақсатында «Атырау-Ақпарат» холдингінің мамандары оларға дәм ұсынды.
Мақпал БИСЕМБАЕВА, «Атырау Акпарат» ЖШС қызметкері
Біз Атырау жастары осы көшедегі күннің суығанда қар тазалап жүрген аға-апаларымызды қолдау мақсатында қайырылымдылық шарасын ұйымдастыруды жөн көрдік. Нақтырақ айтсақ, көшедегі аға-апайларға ыстық бәліш шәй таратып жүрміз. Қазір 10 шақты бригадада болдық.