Қаладағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы тексерілді. Фармацевтикалық бақылау агенттігінің мамандары мен қоғам мүшелері шаһардағы дәріханалардың бірнешесіне бас сұқты.
Олардың мақсаты – қоғамдық бақылау жүргізіп, бағаны шекті құннан асырған дәріханаларды анықтау. Рейдтік бақылау Балықшы ықшамауданындағы Махамбет және Жұбан Молдағалиев көшелерінде жүргізілді.
Мониторнгтік топ жұмысы екі аптаға созылмақ. Бірақ, бүгінгі тексеріс нәтижелеріне қарап өрескел фактілердің тіркелмегенін білдік.
Альфия АДИЕВА, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі
Атыраудағы дәріханаларда сатылып жатырған дәрілердің бағаларына қоғамдық бақылау жүргізілуде. Енді соңғы дәрілердің бағасы осы биылғы жылдың қаңтар айының 21-де бекітілген болатын. Сол тізімге сәйкес қазір бірнеше аптекаларды аралап шықтық, дәріханаларды әзірге өрескел баға көтеріп отырған дәріхана кездестірілмеді. Енді мынау қоғамдық бақылау барысында кейбір әсіресе мынау шағын аудандарда орналасқан дәріханаларда біздер мындай фактіге тап болдық: Әр төленген дәрінің бағасына чек берілмейді. Бұлі ақпаратты біздер тиісті мемлекеттік органдарға береміз, енді мемлекеттік органдар өздері бақылау жүргізетін болады
Жалпылай алғанда өңірде дәрі бағасы бір қалыпқа түскен. Тауарды шекті бағадан асыра сатқандар некен-саяқ. Ал ірі дәріхана желілерінде препараттар бағасы тіптен арзан. Мамандардың сөзінше, бүгінде кез-келген тұтынушы дәрінің негізгі бағасын смартфонның көмегімен қарауына мүмкінік бар.
Аружан Акшабаева