Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға пәтер жалдаған азаматша жазаланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Облыстық полиция депаратментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны жалдамалы пәтерді жалдаушылар түнгі тыныштықты бұзғаны туралы хабарлаған. «Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:52-де жалдамалы пәтерді алған жеңіл жүрістегі қыздар адамдарды қабылдағанын анықтады. Мұнда Түркістан қаласының 2 азаматшасы жезһкшелікпен айналысқан. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен (Түнгі тыныштықты бұзу) хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Пәтерін жалға берген 48 жастағы пәтер иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 450-бабымен (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) 218 775 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел түрмеге қамалған еді.