Атырау, Caspian Life. Облыста браконьерлік іс азаймай тұр. Былтыр балық қорғау заңнамасын бұзған 2,5 мыңнан астам факті тіркелді.
Оның 10%-і бойынша дайындалған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Ал 17 істе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар. Мәселен өткен жылдың қазан айында Құрманғазы ауданында қайық ұсталып,, одан 300 келіге жуық аулауға қатаң тыйым салынған бекіре тұқымдас балық табылды.
Рүстем ҚОРҚЫТОВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз хатшысы
Өткен жылы инспекциядағы істермен Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы айналысты. Оның негізгі міндеттерінің бірі — Жайық-Каспий бассейнінде балық ресурстарын сақтау үшін заңдылықты қадағалау және құқық қорғау. Сондай-ақ, табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің бірлескен іс-қимылын ұйымдастыру да ұмыт қалмайды.
Бұдан бөлек, инспекцияда аңшылар мен балықшыларға, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларға аңшылық пен қармақ салуға заңды түрде амемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Оның саны 2020 жылы 50%-ке өсті.
Бақытжамал ИМАНҒАЗИЕВА, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлімнің бас маманы
Балық аулау кезінде кеме режиміне келісім беру, балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру, саны реттеуге жататын жануарлар түрін алып қоюға рұқсат беріледі және де су тарту құрылғыларына келісім беріледі.
Балық қорғау инспекциясы қызметкерлерінің арқасында мемлекет кірісіне 24 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді. Заңсыз айналымнан 25 тонна балық, 300 көлік құралы мен 5 мыңға жуық қармақ-ау тәркіленді.
Малика Такежанова