Президент мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады
Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясы басталды. Жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Президент мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда парламентте үндеу жасайтынын мәлімдеді. Ол мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін реформалар әзірленіп жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Қорытындысына сәйкес, парламент төменгі палатасына үш партия өтті – Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия).
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.