Конгодан шыққан неміс шабуылшысы, екінші Бундеслигадағы «Парерборн» клубының ойыншысы Стрели Мамба қазақстандық «Қайрат» клубына өтуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, «Падерборн» ойыншысы үшін түрлі бонус қосып, миллион еуроға жуық талап етуді көздеп отыр. Себебі ол неміс командасымен 2022 жылға дейін шарт жасасқан.
Стрели Мамба отанында жастар командасында — «Штутгартта» ойнады. Сондай-ақ «Энерги» және басқа клубтардың құрамында болды. Күзде бірінші Бундеслигадағы «Кельн» оны 1,5 миллион еуроға сатып алуға дайын болған. Бірақ трансфер жасалмай қалды.