Ауа райының нашарлауына байланысты Орал-Атырау жолы жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 14.00-ден бастап Орал-Атырау (189-372 шақырым, Чапаев-Атырау облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.
Қар аралас жаңбыр көктайғаққа ұласқан. Сондықтан БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тиісті органдар мен ұйымдарға, тұрғындарға хабарламалар жіберді.
Өңірде күн сайын ауа райының нашарлайтыны жөнінде ескерту жарияланып келеді.