Бішкекте танымал спортшы ақша бопсалап, кісіге қоқан-лоқы көрсеткені үшін ұсталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
Қырғыз Республикасы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, ол грек-рим күресінен ұлттық құраманың мүшесі болған.
Екі ер адамды ұстау бойынша арнайы операция 23 желтоқсанда өтті.
Спортшының этикалық кодексінің 5-бөлімі, 15-тармағы негізінде Қырғызстан Республикасының грек-рим күресінен ұлттық құрамасының мүшесі Роман Царев 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Қырғыз Республикасының ұлттық құрамасының қатарынан шығарылды.
Today.kg мәліметі бойынша, Роман Царев ақша бопсалады деген күдікке ілінген.
Қырғыз Ішкі істер министрлігі 23 желтоқсанда хабарланғандай, желтоқсанның басында 29 жастағы С.А.-ға қара BMW-535 көлігіндегі екі жігіт келіп, бірі өзін Алтынбек және тағы бірі Романмын деп таныстырады. Алтынбек жігіттен 380 мың сом талап ете бастады, оны бермесе өлтіретін де айтады. Рэкет бұрын С.А-ның К.М.-дан қарызға ақша алғанын еске салады, — делінген агенттік келтірген ақпаратта.
Биыл Царев 72 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды иеленді.