Маңғыстау өңірінде 200 ге жуық жылқы суыққа шыдамай қырылып қалды. Бұл үй жануарларының өлекселері өрістен табылған. Аудан әкімдігінің айтуынша, олар жайылымда қараусыз жүрген дейді.
Мамандар Шетпе ауылында 100, Ұштағанда 50, ал Онды ауылы маңынан 40 өлген жануарды анықтаған. Қазір малшылардың нақты шығыны есептеліп жатыр. Жалпы, қожайындары төрт түлікке арнап қысқы жем-шөпті алдын ала дайындау керек, – дейді мамандар.
Асқар АҚҚҰЛОВ, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары
Негізгі бұл мәселенің туындауы шаруа қожалықтарының ауа райының қолайсыздығын ескермей, жеке малдарының ұзақ уақыт бойы қараусыз қалуынан. Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының мамандары арнайы жасақталған кесте бойынша осы ауылдарды аралап, шығынның нақты санын анықтап және ауру ошақтарының алдын алу шығып кетпеуіне байланысты жұмыстар жүргізуде.